Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (C-O-4 санаты, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бөлімнің қызметіне басшылық ету. Бөлімнің жұмысын жоспарлау мен үйлестіруді ұйымдастыру. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалардың, бұйрықтардың белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету. Құқықтық сұрақтар бойынша Департамент мүддесін сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдіру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамалардың және басқа процессуалдық құжаттардың құрылуының заңдылығын қамтамасыз ету. Уәкілетті лауазымды тұлғаның қарастыруы үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарының дайындалуын бақылау. Мәжбүрлеп орындауға процессуалдық актілерді жіберу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шараларды қабылдау. Құқықтық жалпы оқытуды және қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай, әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асыру. Құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.    Алғашқы статистикалық деректерді «бір терезеде» қабылдауды, оларды алдын ала қарауды, тіркеуді, алғашқы статистикалық деректерді салалық бөлімдер арасында бөлу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау. Алғашқы статистикалық деректерді қағаз жеткізгіште  және онлайн режимде ұсыну мәселелері бойынша респонденттерге консультациялық көмек көрсету. Респонденттерді статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөнінде нұсқаулықтармен қамтамасыз ету, олардың сұраныстары бойынша статистикалық нысандар тізімін ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау. Респонденттер үшін ақпараттық материалдарды дайындауды, оны интернет-ресурстар мен ақпараттық стендтерде орналастыруды және жаңартуды жүзеге асыруды ұйымдастыру және бақылау. Респонденттерге оқыту семинарларын жүргізу жоспарын дайындау бойынша салалық бөлімдер қызметін үйлестіру және оның орындалуына бақылау жүргізу. Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша респонденттермен оқу семинарларына қатысуды ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.01.2025 – 15.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

17.01.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30