ҚР ҰЭМ СК Алматы қаласы Статистика департаментінің Сауда статистикасы басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Алматы қаласы
141576 - 191482
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
С-О-3 санаты үшін:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
Персоналды басқару қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, Персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің жалпы конкурсына қатысу үшін.
Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, сондай-ақ адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.
Келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті» РММ-де, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125 мекен-жайы бойынша өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды басқару қызметін хабардар етеді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаментінің интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Қатысушылары мен кандидаттары «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама
Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.
Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.
Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.
Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.
Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.
Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.
Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.
Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3) тармақшаcында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________
Байланыс телефоны: ____________________________________________________
e-maіl: ________________________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________________
_________ ______________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
Нысан |
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ
ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
_____________________________________________ |
ФОТО |
|
||||
|
_____________________________________________ |
|
|||||
|
_____________________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
|
|||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
|
|||||
|
Туғанкүніжәнежері/ |
||||||
|
Ұлты (қалауыбойынша)/ |
||||||
|
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей |
||||||
|
Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/ |
||||||
|
Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) / |
||||||
|
Шетелтілдерінбілуі/ |
||||||
|
Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) / |
||||||
|
Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) / |
||||||
|
Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
||||||
|
Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/ |
||||||
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|
|||||
|
Күні/Дата |
Қызметі*, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/ должность*, место работы, местонахождение организации |
|
||||
|
қабылданған/ |
босатылған/ |
|
||||
|
|
||||||
|
_____________________ |
_______________ күні / дата |
|
||||
* Примечание: в послужном списке каждая занимаемая должность заполняется в отдельной графе
Функционалды міндеттер
бастапқы статистикалық деректерді қабылдау және өңдеу жұмысын ұйымдастыруға; бастапқы деректердің толықтығын, уақытылығын және дұрыстығын бақылауды жүзеге асыруға; экономикалық талдау үшін кешендік статистикалық ақпаратты қалыптастыруын ұйымдастыруға; жинақтардың, бюллетендердің, жедел ақпараттардың шығарылуын қамтамасыз етуге; пайдаланушылардың белгіленген тәртіппен дұрыс және объективтік статистикалық деректермен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыруға; респонденттермен оn-line тәртібіне көшуі бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізу; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу; ұлттық санақтарға дайындық және өткізуге қатысуға, үйлестіруге. еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға; іс жүргізуді құжаттаудың Тұрпатты ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындауға; сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалануға; қызмет құжаттарының сақталушылығын қамтамасыз етуге.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.08.2020
- город Алматы, проспект Абая, 125, 1-этаж, конференц зал
-
8 (727) 375-21-88