Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының бас маманы (C-O-5 санаты, 1 бірлік, «В» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Батыс Қазақстан облысы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді; ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеуді жүргізеді; ауыл, орман, балық және аңшылық шаруашылықтарының статистикасы бойынша статистикалық байқаулар мәліметтерінің дерекқорын қалыптастырады; статистикалық байқау әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық мәліметтерді тексереді; интервьюерлер жұмысын ұйымдастырады, нұсқама өткізеді және олардың жұмыс сапасын бақылайды; ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша мәліметтерді зерттейді, қорытындылайды және талдау жүргізеді, іріктеп зерттеу қорытындыларына талдау жүргізу; статистикалық жинақтар, электрондық кестелер, баспасөз хабарламалар, негізгі көрсеткіштердің динамикалық қатарын және басқа да статистикалық материалдарды дайындауға қатысады; статистикалық тіркелім мәліметтерін жаңғыртады; Респонденттерден және үй шаруашылықтарынан қағаз жеткізгіштерде алынған бастапқы статистикалық деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізуді жүзеге асыру. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай жүзеге асырады. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; мұрағатқа тапсыратын құжаттарды рәсімдейді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 17.01.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
74-95-30