Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және респонденттермен жұмыс басқармасының бас маманы (C-O-5 санаты, 1 бірлік, «В» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Департаменттің құзыретіне жататын әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы жүзеге асыру. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Халықаралық стандарттар мен ғылыми әдіснама негізінде статистикалық ақпаратты жетілдіру бойынша жұмысты жүргізу. Респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қабылдау, алдын ала қарау және тіркелуін жүргізу, салалық басқармалар арасында алғашқы статистикалық деректерді бөлу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Белгіленген талаптарға және Ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес, алғашқы статистикалық деректерді қоса, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету. Тапсырылған алғашқы статистикалық деректер негізінде статистикалық бизнес-тіркелімді (мекенжай бөлімі, белсенділігі, статистикалық есептілік бойынша байланысатын тұлға туралы деректер және т.б.) өзектендіру бойынша жұмысты жүзеге асыру. Респонденттерге тапсыруға қажетті статистикалық нысандар тізімдерін, статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды беру. Жаңадан тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктермен жұмысты жүзеге асыру. Құқықтары және міндеттері туралы респонденттерге консультациялық көмек көрсету және ақпараттандыру. Респонденттерге on-line режимінде есептерді ұсыну мүмкіндігі туралы ақпаратты жеткізу. Респонденттермен жұмыс сапасын арттыру. Өз құзыреттілігі шегінде заңды және жеке тұлғалар өтініштерін уақытылы қарау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.01.2025 – 14.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

17.01.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30