Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Ішкі әкімшілендіру бөлімінің басшысы, (C-O-4 санаты, 1 бірлік, ОВА-1)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Бағалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметіне басшылық етеді, Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, Бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі. Бөлімнің жоспарын әзірлейді, олардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерінің қызметтік этиканы сақтауын қамтамасыз етеді. Есептік саясатқа сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және қаржы есептілігін қалыптастырады. Барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында бақылау мен көрсетуді қамтамасыз етеді, жедел ақпарат береді, белгіленген мерзімде қаржылық және бюджеттік есептілікті жасайды және ұсынады. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарларын құрады және қаржыландырудың жеке жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық жіктегішінің ерекшеліктері бойынша шығындарға есептеу дайындайды. Бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарлама) қаржыландырудың перспективті жоспарларының жобаларын жасайды. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді, міндеттемелер жоспарына сәйкес төлемдер және міндеттерді уақытылы қабылдамау себептері бойынша жоспарларды орындамау жөнінде ақпарат дайындайды. Бухгалтерлік және экономикалық көрсеткіштерді талдайды, Департаменттегі қаржы жағдайы, қызмет нәтижесі мен қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дәйекті ақпарат ұсынады. Бюджет қаражаты мен материалдық ресурстарды пайдалану бойынша Департаменттің қызметіне кешенді экономикалық талдау және экономикалық жоспарлау бойынша жұмысты бақылайды және жүргізеді. Штат кестесін және еңбекке төлем қорының есептеуін құрайды. Өтінім берілген және атқарушылық құжаттар бойынша табыстарды аударуды және салықтар мен басқа алымдарды алуды жүргізеді. Деректердің салық есебін жүргізеді, белгіленген мерзімдерде уәкілетті органға салық есебін ұсынады және құрады. «1С-Кәсіпорын» бағдарламасында және «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде, бюджеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде, есептілікті тапсырудың бірегей жүйесінде (ЕТБЖ) және мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында жұмыс істейді. Бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес мемориалдық-ордерлік нысан бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді. Көрсетілген қызмет актілеріне сәйкес статистикалық тексерулер бойынша көрсетілген қызметтер үшін өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша қабылданған жеке тұлғаларға сыйақылар есептеуді жүргізеді. Дебиторлық берешекті өндіріп алу және кредиторлық берешекті өтеу, төлем тәртібін сақтау, басқа  дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуларды салыстыру және түгендеу жөніндегі жұмысты орындайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерінің орындалуын, азаматтық-құқықтық мәмілелердің өтінімдерін тіркеуді бақылайды. Қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын, ақша қаражаттарына, тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуді бақылайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржылық операциялар бойынша алғашқы құжаттардың рәсімделуі мен орындалуын қамтамасыз етеді. Құқықтық сұрақтарды қарастыру кезінде белгіленген тәртіпте Департамент мүддесін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда білдіреді. Уәкілетті органға белгіленген нысандар бойынша ақпарат және есептілік дайындайды. Бөлімнің құзырына жататын құқықтық сұрақтар бойынша Департамент атынан түсіндірулер дайындайды. Қаржы, мемлекеттік сатып алулар саласында барлық құқықтық актілерге құқықтық қамтамасыз етуді бақылайды. Департаментте құжаттама жасаудың бірегей тәртібін, құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыруды, құжаттардың орындалуын және құжаттарды Департамент архивіне тапсыру үшін дайындауды бақылайды. Департаменттің ведомстволық архивінің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Істер номенклатурасын әзірлеуді, келісуді, бекітуді және практикаға енгізуді ұйымдастырады және бақылайды. Департаментте кадр құрамын қалыптастыру бойынша қызметті ұйымдастырады. Департаменттің кадр мониторингін және кадрлық іс жүргізуді жүзеге асыруды бақылайды. Департаментте кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті қамтамасыз етеді. Кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағылымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен ұйымдастырады. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленгендей, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлімнің басқа міндеттері мен функцияларын іске асырады.

«А» функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.11.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.11.2024 – 18.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

20.11.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-95-30