Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті тіркелімдер және жиынтық жұмыстар бөлімінің бөлім басшысы, (C-O-4 санаты, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Бағалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметіне басшылық етеді, Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, Бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі. Бөлімнің жоспарын әзірлейді, олардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерінің қызметтік этиканы сақтауын қамтамасыз етеді. Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, құрылымдық және тіркелімдер статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді. Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде құрылымдық және тіркелімдер статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды ұйымдастырады және бақылайды. Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес статистикалық бизнес-тіркелімді, халықтың статистикалық тіркелімін, ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімін, тұрғын-үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізеді, бақылайды, ұйымдастырады. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін нақтылау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес статистикалық ақпаратты тарату бойынша және қызметті жоспарлау бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және бақылайды. Департамент жұмысын жоспарлауды және іс-шараларды ұйымдастырады. Департамент басшысының сөз сөйлеулеріне материалдар дайындайды. Жиынтық статистикалық жарияланымдарды шығаруды ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы интернет-ресурсының Ұлытау бөлімінде ақпарат орналастыруды және жаңартуды бақылайды. Статистикалық ақпараттың жариялығын және оны насихаттауды кеңейту сұрақтары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекет етуді ұйымдастырады. Өндірістік кеңестер, семинарлар, бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференциялар, Департамент қызметінің сұрақтары бойынша «Ашық есік күндерін», «дөңгелек үстелдер» жүргізуді ұйымдастырады және оларға материалдар дайындауды қамтамасыз етеді. Статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың сауалнамасын жүргізуді ұйымдастырады және бақылайды. Құрылымдық және тіркелімдер статистикасы бойынша респонденттерге және қалалық (аудандық) статистика бөлімдерінің мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді.Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай, әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанына қатысады. Ұлттық санақтарды өткізуге қатысады. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленгендей, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлімнің басқа міндеттері мен функцияларын іске асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.11.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.11.2024 – 07.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10ГБ

Сұхбаттасу күні

12.11.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

74-96-94