Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бөлім басшысы, №08-01, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Абай облысы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Блок А
Бөлімге басшылық етеді, бөлім қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді, бөлімнің алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруды ұйымдастырады. ӘЖБТ (Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі) жүйесінде жұмыс жүргізеді. Респонденттерге және әкімшілік дереккөздерге салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша жұмыстардың жүргізілуіне бақылау жасайды. Департаментпен салынған айыппұлдардың бюджетке түскеніне бақылау жасау үшін «Қазынашылық - Клиент» ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізеді. «ТСОБТ» (Тексеру субьектілері мен обьектілерінің біріңғай тізілімі) жүйесінде жұмыс жүргізеді. Әкімшілік іс жүргізу бойынша есепті қалыптастырады, оларды ҚР СЖ және РА ҰСБ-на ( Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы) тапсырады. Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау жұмыстарын қадағалайды, Ижасайды. Бөлім жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді. Бөлім құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша департамент актілері жобасын әзірлейді. Бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге және келісуге қатысады. Респондеттер мен әкімшілік дереккөздердің оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты өтініштерін заңнамада көрсетілген тәртіпке сәйкес мерзімдерде қарайды. Бөлім құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, мерзімдерінің сақталуын және тапсырмалардың уақытында орындалуын қамтамасыз етеді. Аудандық және қалалық статистика бөлімдеріне бөлімнің құзіретіне кіретін сауалдарға әдіснамалық көмек көрсетуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының жоспарларына, кестелеріне, нұсқауларына сәйкес бөлімнің жұмысын жоспарлайды. Статистика саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) нормаларын сақтайды. Жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Департамент бөлімдері әзірлейтін актілердің жобаларын келісуге қатысу. Басшысының келісімі мен әртүрлі инстанциядағы соттарда респонденттер мен әкімшілік дереккөздер жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша Департамент мүддесін қорғайды. Өз құзіретінің шегінде облыс бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзған респонденттердің орналасқан жерін анықтау жұмыстарын жүзеге асыру. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін респонденттерді және келісілмеген статистикалық нысан бойынша әкімшілік деректтерді жинағаны үшін лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жүмыс істейді. Бөлім құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша жалпы құқықтық оқытуларды жүргізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 12.11.2024
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
74-96-94