Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті бухгалтерлік есепке алу басқармасының бас сарапшысы, (C-4 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 10 маусымға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, "А" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Экономика және менеджмент
Функционалды міндеттер
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жасауға қатысу; Басқарманың жұмысын ұйымдастыру мен әдістерін жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу; процестерді тұрақты жақсарту және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу бойынша ұсыныстарды жасау, бюджеттік шығыстар бойынша талдамалық анықтамалар, материалдар дайындау; Басқарманың қызметі және міндеттерінен туындайтын өзге де тапсырмаларды орындау. Жалақыны есептеу, салықтарды ұстау және аудару, қызметкерлер бойынша деректерді енгізу, бастапқы құжаттарды (жұмыс уақытын есепке алу табельдері, жұмысқа жарамсыздық туралы парақтар, бұйрықтар) өңдеу, анықтамалар беру, № 5 мемориалдық ордерді жүргізу (жалақыны есептеу), СК-ге декларациялар әзірлеу және тапсыру, аударылған зейнетақы жарналары туралы статистикалық есептіліктерді, мәліметтерді ЖЗҚ-ға тапсыру, бюджетті орындау және үнемдеу режимін қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу; есептілікті белгіленген мерзімдерде дайындау, бастапқы есепке алу құжаттамасын дайындау, олардың қозғалысына байланысты операциялардың бухгалтерлік есепке алу шоттарында уақтылы көрсетуді ұйымдастыру. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру: дебиторлық берешек туралы есеп құрастыру; белгіленген мерзімде дебиторлық және кредиторлық берешектердің өндіріп алынуын және өтелуін бақылау; есептің синтетикалық және талдамалық шоттарының сәйкестігін бақылау; негізгі құралдарды және тауарлық-материалдық құндылықтардың түсімін және жұмсалуын есепке алуды қамтамасыз ету; олардың қозғалысымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте уақытында көрсетілуін бақылау, өткізу ережелерін сақтаумен тауарлық-материалдық қорға түгендеу өткізуді ұйымдастыру; есеп беретін адамдармен материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасау, есеп беретін адамдардың ақшалай қаражаттың дұрыс және тиімді пайдалануын бақылау; статистикалық есептер мен қоршаған ортаны қорғау туралы белгіленген мерзімдерде есептіліктерді дайындау. Бюджетті орындау және үнемдеу режимін қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу. Құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақтылығын және дұрыстығын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шеңберінде басшылықтың барлық нұсқаулары мен өкімдерін орындау. Бюроның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру; материалдық және еңбек ресурстарының үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталуын бақылау; құжаттардың мерзімінде және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Documentolog – бұлтты құжатайналымының жүйесiнде жұмыс.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 30.10.2024
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
74-96-94