Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бөлімінің басшысы, (C-O-4 санаты, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Қызылорда облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика және статистика
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Математика
- Информатика
- Құқық және экономика негіздері
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Бөлімнің қызметін ұйымдастыру және бақылау. Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету. Бөлім жұмыскерлерінің міндеттемелері мен өкілеттіктерін белгілеу. Бөлім қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Бөлім құзыретіне кіретін есептіліктерді жинау, енгізу өңдеу және Бюроға жолдануын қамтамасыз ету. Жинақтардың, электрондық кестелердің өз саласы бойынша шығарылуын қамтамасыз ету. Бұлтты құжат айналым жүйесінде жұмыс істей білу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Аудандық статистика бөлімдерінің мамандарына, респонденттерге практикалық және әдіснамалық көмек көрсету. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көрсетілген тәртіпте жүзеге асыру. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде ұсынбауын, сондай-ақ олардың анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынуын анықтау түрінде респонденттерге бармай мемлекеттік бақылауды ҚР мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көрсетілген тәртіпте жүзеге асыру. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Департамент басшылығы белгілейтін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 15.10.2024
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
74-96-94