ҚР ҰЭМ СК Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті еңбек статистикасы басқармасының жетекші маманы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету; АСБ және респонденттермен жұмыс басқармасынан алынған бастапқы статистикалық есептер негізінде еңбек статистикасы бойынша статистикалық байқаулар (Еңбек бойынша есеп, (1-Т), Құрылымы және жалақыны бөлу туралы есеп (2-Т(еңбекақы), Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы есеп, (1-Т (Еңбек жағдайы), Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп (1-Т (бос жұмыс орны), деректер қорын қалыптастыру; еңбекпен қамту статистикасы бойынша іріктемелі зерттеулер өткізу (Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы (Т-001), Лайықты еңбек (Т-004); статистикалық байқаулар әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық деректерді түзету және бақылау; еңбек статистикасы бойынша бюллетеньдер, жедел-ақпараттар, баспасөз хабарламасы және басқа статистикалық материалдарды дайындау; статистикалық тіркелім деректерін өзектендіруге қатысу; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету, халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы бойынша аудандық және қалалық интервьюерлермен жұмыс және әдістемелік көмек көрсету, сауалнаманы тексеру; басқарма номенклатурасына сәйкес мұрағатқа құжаттар дайындау, жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау.                   

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.08.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.08.2020 – 13.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті» РММ, 090001, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1

Анықтама алу үшін байланыс

(87112) 50-95-25