Баға статистикасы басқармасының бас маманы, санаты С-О-5 № 15-10 , 1 бірлік

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бағалар саласында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерге және құбылыстарға экономикалық талдау жасау. Серпінділік қатарлар мен мұрағаттық ісқағаздарды жүргізу. Салалық және сала аралық жинақтарға мағлұматтар дайындау. Байқаулар үшін белгіленген өнім түрлерін, тауарлардың және қызмет көрсету тізбелерін алмастыру үшін нарық жағдаятын зерделеу. Экономиканың тұтыну және нақты секторларында талдау жұмыстарын жүргізу. Репрезентативтік таңдауды қалыптастыру. Бекітілген әдіснамаға сәйкес, экономиканың нақты және тұтыну секторларындағы статистикалық бағалар бойынша бастапқы деректерді жинау мен өңдеуді қамтамасыз ету, аудандар мен қалалар статистика басқармаларымен және респонденттермен нұсқаулы кеңестер өткізуге және ұйымдастыруға қатысу. Бағалар статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдық басылымдарды дайындау және шығару; сала бойынша аудандар мен қалалар статистика басқармаларына әдіснамалық көмекті жүзеге асыру. «е-Статистика» ақпаратттық интегралдық жүйемен жұмыс істеу, он-лайн режимі бойынша респонденттерге деректер жинауға кеңес беру. Бағалар парағына сәйкес, тұтыну тауарлары мен қызметтердің бағаларына уақытылы және сапалы тіркеу жүргізу, өткен баға тіркеумен салыстырғандағы бағаның ауытқуын тексеріп, олардың ауытқу себептерін анықтау; ассортиментті түрінің жоғалған және өзектілігін жоғалтқан тауарларды және қызметтерді уақытылы ауыстырып отыру; тауарлық шағын топтар бойынша бағалық жағдайға талдау жүргізу. Басқарманың СМЖ-нің  жұмыс істеуі және жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, маркетинг) немесе тауартану және тауарларды сараптау (салалар бойынша) бөлімдерінің мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім қажет.

Жарияланған күні: 12.03.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    19.03.2020

    Сұхбаттасу орны

    ШҚО Өскемен қаласы Тоқтаров көшесі 85

    Анықтама алу үшін байланыс

    8-7232-25-26-21