Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс және респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау бөлімінің бөлім басшысы, №04-01, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 25 ақпанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, «А» функционалдық блогы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Абай облысы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлімге басшылық етеді, бөлім қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді, бөлімнің алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруды ұйымдастырады. ӘҚББТ АҚЖ жұмыс жүргізеді. Респонденттерге және әкімшілік дереккөздерге салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша жұмыстардың жүргізілуіне бақылау жасайды. Департаментпен салынған айыппұлдардың бюджетке түскеніне бақылау жасау үшін «Қазынашылық - Клиент» АЖ жұмыс жүргізеді. «ТБЖ» (Тексерулердің біріңғай жүйесі) АҚЖ жұмыс жүргізеді. Әкімшілік іс жүргізу бойынша есепті қалыптастырады, оларды ҚР СЖ және РА ҰСБ-на тапсырады. Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау жұмыстарын қадағалайды. Бөлім жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді. Бөлім құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша департамент актілері жобасын әзірлейді. Бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге және келісуге қатысады. Респондеттер мен әкімшілік дереккөздердің оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты өтініштерін заңнамада көрсетілген тәртіпке сәйкес мерзімдерде қарайды. Департаментте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуын және тапсырмалардың уақытында орындалуын бақылайды және қамтамасыз етеді. Аудандық және қалалық статистика бөлімдеріне бөлімнің құзіретіне кіретін сауалдарға әдіснамалық көмек көрсетуді жүзеге асырады. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының жоспарларына, кестелеріне, нұсқауларына сәйкес бөлімнің жұмысын жоспарлайды. Статистикалық ақпаратқа сұраныс анықтайды. Жарияланым қызметтерін үйлестіреді. Статистикалық ақпаратты таратады. Жеке сұрау салуларды өңдейді. Сала аралық статистикалық ақпаратты ұсыну бойынша жұмыстарды үйлестіреді (жиынтық). Ресми статистика деректеріне сенімдік білдіруді көтеру мақсатта пайдаланушыларды оқытады және кеңес береді. Есептік деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету және статистикалық есептіліктерді жинау, өңдеу мәселелері бойынша әдіснамалық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерге және құбылыстарға экономикалық талдау жасайды. Сала аралық бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Статистика қолданушылырдың сұраныстарын көтеру үшін статистикалық деректердің таратылуын ұйымдастырады. Интернет-ресурс жұмыстарын ұйымдастырады. Облыстық статистикалық органдарының дамуына байланысты ағымды келешегі бар жоспарларды құрады. Мемлекеттік статистиканы жетілдіруге байланысты ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты үйлестіреді. АҚС (ақпараттық қауіпсіздік саясаты) бойынша жұмыстарын қадағалайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 27.08.2024
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
74-96-94