Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Ішкі әкімшілендіру бөлімінің басшысы, (C-O-4 санаты, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Ұлытау облысы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметіне басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі. Бөлімнің жоспарын әзірлейді, олардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Есептік саясатқа сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және қаржы есептілігін қалыптастырады. Барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында бақылау мен көрсетуді қамтамасыз етеді, жедел ақпарат береді, белгіленген мерзімде қаржылық және бюджеттік есептілікті жасайды және ұсынады. Бухгалтерлік және экономикалық көрсеткіштерді талдайды, Департаменттегі қаржы жағдайы, қызмет нәтижесі мен қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дәйекті ақпарат ұсынады. Бюджет қаражаты мен материалдық ресурстарды пайдалану бойынша Департаменттің қызметіне жоспарлы-экономикалық жұмысты бақылайды және кешенді экономикалық талдау жүргізеді. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерінің орындалуын, азаматтық-құқықтық мәмілелердің өтінімдерін тіркеуді бақылайды. Қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын, ақша қаражаттарына, тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуді бақылайды. Еңбекақы төлеу қоры қаражатының жұмсалуын, салықтардың аударылуын бақылайды. Құқықтық сұрақтарды қарастыру кезінде белгіленген тәртіпте Департамент мүддесін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда білдіреді. Қаржы, мемлекеттік сатып алулар саласында барлық құқықтық актілерге құқықтық қамтамасыз етуді бақылайды. Бөлімнің құзырына жататын құқықтық сұрақтар бойынша Департамент атынан түсіндірулер дайындайды. «1С-Кәсіпорын» бағдарламасында және «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде, бюджеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде, есептілікті тапсырудың бірегей жүйесінде (ЕТБЖ) және мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында жұмыс істейді. Уәкілетті органға белгіленген нысандар бойынша ақпарат және есептілік дайындайды. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлім бойынша басқа міндеттер мен функцияларды іске асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 26.08.2024
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
74-96-94