ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының басшысы", («А» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Алматы қаласы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Әлеуметтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
-Басқарма жұмысын жоспарлау, ұйымдастыруға, басқару және оның орындалуын қамтамасыз етуге.
- Алғашқы статистикалық деректерді өңдеу жұмысын, құзыреті шегінде бастапқы статистикалық деректерді бақылауға, жүргізу бойынша енгізу және түзеу жұмыстарын ұйымдастыруға.
- Алғашқы статистикалық деректердің толықтығын, уақытылығын және дұрыстығын бақылауды жүзеге асыруға.
- Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) бекіткен статистикалық есептілік нысандары бойынша әдіснама мен әдіснамалық нұсқаулықтардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға.
- Бюроға статистикалық ақпараттардың уақытында берілуін бақылауды жүзеге асыруға.
- Статистикалық ақпараттарды шығару кестесіне сәйкес статистикалық ақпараттардың (жинақтардың, бюллетендердің, жедел ақпараттардың, баяндамалардың) дайындалуын бақылауды жүзеге асыруға.
- Негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларының жүргізілуін бақылауға.
- SpRecord мамандандырылған жүйесі арқылы респонденттерге автохабарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар тізімін уақытылы ұсынуды бақылауды жүзеге асыруға.
-Басқарма мәселелері бойынша респонденттермен оn-line тәртібіне көшу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізуді ұйымдастыруға.
- Респонденттермен ұсынылған дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді анықтау түрінде респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізуге.
-Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінде бұрмалаушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау жөнінде ұсыныс беруге.
- Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалағаны айқындалғанда респонденттерден алғашқы статистикалық деректер бар статистикалық нысандарға түзетулерді енгізуді талап ету.
- Ресми көздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг жүргізуде Заң басқармасымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру.
- Басқарманың құзыретіндегі мәселелер бойынша сот процестеріне материалдар әзірлеу барысына қажетті құжаттамалармен (әдістеме, нұсқаулық және т.б) қамтамасыз ету үшін, Заң басқармасымен өзара байланысты жүзеге асыру.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау және бақылау жүргізу.
- Құжаттардың үлгілік нысандарына сәйкес іс қағаздарды жүргізу.
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындау.
- Департамент басшыларының тапсырмасы бойынша, өз құзыреті шегінде, Департамент мүдделерінің басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде өкілі болу.
- Еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға және оны Басқарма қызметкерлерінен сақтауды талап ету.
- Еңбек міндеттерін осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес атқаруға.
- Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауға.
- Жазылым бере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, сақтауға.
- Қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеуге.
- Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға.
- Өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлауға.
- Кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыру.
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді асыруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8(7172) 74-96-94