Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті Есіл ауданының Статистика басқармасының басшысы, (C-O-3 санаты, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

С-О-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

317807

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне басшылық жасау, жүктелген міндеттердің орындалуына, атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына дербес жауапты болу. Басқарманың қызметін жоспарлауды жүзеге асыру, басқарма жоспарының орындалуын бақылау және қамтамасыз ету. Респонденттерден қағаз жеткізгіштерде алынған алғашқы статистикалық деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізуді жүзеге асыру. Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру, бақылау және жүргізу. Респонденттерге қатысты респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, бақылау және жүргізу. Әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік дереккөздерге барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, бақылау және жүргізу. Ұлттық санақтар бағдарламаларын іске асыруды ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау. Ұлттық санақтар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету. Респонденттермен және интервьюерлер мамандармен оқыту семинарларын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, жүргізу және бақылау. Респонденттерге және интервьюерлер мамандарға әдістемелік көмек көрсету. Ісқағаздар жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және басқарманың мұрағаттық құжатнамасына байланысты жұмысын басқару.  Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.08.2024 – 21.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10ГБ

Сұхбаттасу күні

23.08.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

74-96-94