Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті сауда, көлік, байланыс, қызмет көрсету статистикасы және құрылымдық статистика бөлімінің басшысы, (C-O-4 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Ұлытау облысы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Математика және статистика
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Инженерия және инженерлік іс
- Сәулет және құрылыс
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Орман шаруашылығы
- Агроинженерия
- Көлік қызметтері
- Математика
- Информатика
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Пайдалы қазбаларды байыту
- Туризм
- Әлеуметтік жұмыс
Қосымша талаптар
орман инженерлік ісі, көлік
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметіне басшылық етеді, Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, Бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі.
Бөлімнің жоспарын әзірлейді, олардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Бөлім қызметкерлерінің қызметтік этиканы сақтауын қамтамасыз етеді.
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылымдық статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.
Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс, статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылымдық статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды ұйымдастырады және бақылайды.
Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде өтеулі қызмет көрсету шартын орындау бойынша интервьюерлердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды.
Бөлімнің негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың сұраныстарын қарауды және жауаптарды уақытылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 16.07.2024
- г. Астана, пр. Мангилик ел 8, административное здание «Дом министерств» (через платформу ZOOM)
-
74-96-94