Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Ішкі әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (C-O-5 санаты, 1 бірлік,"Б" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Ұлытау облысы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Экономикалық жоспарлау жұмысын жүзеге асырады. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарларын құрады және қаржыландырудың жеке жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық жіктегішінің ерекшеліктері бойынша шығындарға есептеу дайындайды.
Бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарлама) қаржыландырудың перспективті жоспарларының жобаларын жасайды.
Штат кестесін және еңбекке төлем қорының есептеуін құрайды.
Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді, міндеттемелер жоспарына сәйкес төлемдер және міндеттерді уақытылы қабылдамау себептері бойынша жоспарларды орындамау жөнінде ақпарат дайындайды.
Бюджет қаражатын және материалдық ресурстарды пайдалану бойынша Департамент қызметіне кешенді экономикалық талдау жасайды.
Департамент қызметінің бухгалтерлік және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп шоттары және экономикалық жіктегіш ерекшеліктері бойынша бюджет қаражатының шығысталуына талдау жүргізеді.
Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық жіктегішінің ерекшеліктері және бюджеттік шоттары бойынша бухгалтерлік есепті жүргізеді.
Өтінім берілген және атқарушылық құжаттар бойынша табыстарды аударуды және салықтар мен басқа алымдарды алуды жүргізеді.
Деректердің салық есебін жүргізеді, белгіленген мерзімдерде уәкілетті органға салық есебін ұсынады және құрады.
Статистикалық есептер жасайды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалығына сәйкес қаржы операциялары бойынша алғашқы құжаттарды орындауды және рәсімдеуді қамтамасыз етеді.
«1С-Кәсіпорын» бағдарламасында, «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде, бюджеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.
Тауарлық-материалдық құндылықтардың, талдамалық есеп және қалдықтарды шығару карточкасының (кітабының) кіріс және шығысы бойынша есеп жүргізеді.
Тауарлық-материалдық құндылықтарға қойма есебін ұйымдастырады, қоймадағы тауарлық-материалдық құндылықтардың қозғалысы, пайдалануы және сақталуы бойынша операцияларды жүзеге асырады.
Бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес мемориалдық-ордерлік нысан бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді.
Уәкілетті органға белгіленген нысандар бойынша ақпарат және есептілік дайындайды.
Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлім бойынша басқа міндеттер мен функцияларды іске асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 16.07.2024
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
74-96-94