Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті тіркелімдер бөлімінің бас маманы, № 05-04, «Б» функционалдық блогы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Абай облысы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Статистикалық бюллетендер, жедел ақпараттар, жинақтар және публикациялық жарияланымдарды шығару және дайындаумен
айналысады. АЖ АШТ (Ауылшаруашылық тіркелімі) ақпараттық жүйесінің жұмысына жауапты. ТҚСТ АЖ (Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімі), АЖ СБТ (Статистикалық бизнес тіркелім) бойынша қосымша жұмыстар жүргізеді. АЖ СБТ (Статистикалық бизнес тіркелім) бойынша облыс көлемінде белсенді шағын және орта өнеркәсіптер, кәсіпорындар (МСП), жеке кәсіпкерлер бойынша деректер әзірлейді. Жаңадан ашылған немесе қандай да белгілі бір өзгерістер болған өнеркәсіптер, кәсіпорындар бойынша экономикалық код алу жөнінде кеңестер береді. Кәсіпорындар статистикасы, өнеркәсіптік өндіріс статистикасы бойынша салалық бөлімдерімен тығыз жұмыс жүргізеді. Департаменттің салалық бөлімдерінен, (қала) аудандық статистика бөлімдерінен статистикалық бизнес тіркеліміне, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй қоры тіркеліміне өзектендіру үшін мәліметтер жинақтайды. Бөлімнің есептері бойынша Семей қ.ә., Бесқарағай, Жарма, Үржар аудандық статистика бөлімдеріне жауапты. СБТ-дегі проблемалы жеке тұлғалармен, салалық тізімдемелермен жұмыс жүргізеді. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және алғашқы статистикалық ақпараттың құпиялығын сақтайды. Әкімшілік деректері бойынша статистикалық бизнес тіркелімді өзектендіруді жүргізеді. Серпінді қатарларды жүргізуді жүзеге асырады. Пайдаланушылардың ішкі және сыртқы өтінімдерімен іріктемелерді, жеке және салалық тізімдемелерді қалыптастырады. 1-СР «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп», 1- НП «Жаңа кәсіпорындарға сауал салу» нысандары бойынша статистикалық есептілікті жинайды, қалыптастырады, бақылауды жүргізеді. Бөлімде мұрағат бойынша жұмыстар жүргізеді. Аудандық, қала статистика бөлімдерінің мамандарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді. Ұлттық санақтар бойынша дайындыққа және өткізуге қатысады.
Ресми дереккөздерін алынған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру жолымен әкімшілік дереккөздерге бармай/барып мемлекеттік бақылауға қатысады. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептіліктерді қалыптастырады. Заңды тұлғаларды, филиалдарды және өкілеттіліктерді тіркеу/қайта тіркеу туралы электронды хабарлау бойынша статистикалық бизнес тіркелімді өзектендіруді орындайды.Департамент жоспарымен қарастырылған жұмыстарды уақтылы және сапалы орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 05.07.2024
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
74-96-94