Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің жетекші маманы, (C-O-6 санаты, бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің демалысы мерзіміне 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, «В» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Қызылорда облысы
180517
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Бөлімнің құзыретіне кіретін міндеттерді орындау, лауазымдық қызметіне сәйкес еңбек тәртібін сақтау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті есептіліктерді жинақтау және Бюроға жолдауды қамтамасыз ету. Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес өнеркәсіп және қоршаган орта статистикасы бойынша есептіліктерді жинақтау. Жинақтардың, электрондық кестелердің, динамикалық қатарлардың шығарылуына дайындық жұмыстарын жүргізу, өз саласы бойынша шығарылуын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, заңды және жеке тұлғалар сұрақтарына уақытылы жауап беру. Бұлттық құжат айналым жүйесінде жұмыс істей білу. Бизнес- процесс талаптарына сәйкес құжаттар дайындау. Аудандық статистика бөлімдерінің мамандарына, респонденттерге практикалық және әдіснамалық көмек көрсету. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Департамент басшылығы белгілейтін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 25.06.2024
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
74-96-94