Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті ішкі әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (C-O-5 санаты, 1 бірлік, «В» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

С-О-6 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

180517

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бөлімнің құзыретіне кіретін міндеттерді орындау, лауазымдық қызметіне сәйкес еңбек тәртібін сақтау. Заңнамаға сәйкес департамент қызметкерлерінің еңбекақыларын есептеу және аудару, бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша жұмыстар жүргізу, іссапар шығыстарын, зейнетақы және басқа да төлемдердің есебін жүргізу. Бюджеттік өтінімдерді дайындауға қатысу, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді жасау, коммуналдық және тағы басқа қызметтер бойынша келісім-шарттармен жұмыс жүргізу; қазынашылықтың біріктірілген жүйесінде банктік операцияларды жүргізу; бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. Бөлінген бюджет қаражатының уақытылы және мақсатты игерілуін қадағалау, еңбек өтілін есепке алу, мемлекеттік сатып алу жұмыстарының уақытылы өтуін және толық қамтылу жұмыстарын ұйымдастыру. 1С «Мекеме» бағдарламасына бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жұмыстарын атқару. Бұлтты құжат айналым жүйесінде жұмыс істей білу. Негізгі  құралдар мен тауарлы-материалдық құндылықтарға есеп жүргізу, түгендеу, есептен шығару, тозуын есептеу; заңнамаға сәйкес департаментің штаттан тыс қызметкерлерінің еңбекақыларын есептеу және аудару, бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша жұмыстар жүргізу, зейнетақы және басқа да төлемдердің есебін жүргізу. Сұхбатшылар конкурсының әңгімелесу сатысына қатысу. Сұхбатшылармен, респонденттермен ақылы қызмет көрсету келісім-шарттарын жасау, орындалған жұмыстар актісіне сәйкес ақысын аудару. Бөлім құзыретіне кіретін бұйрықтардың жобасын әзірлеу, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті есептілікті жинақтау және Бюроға жолдауды қамтамасыз ету. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Департамент басшылығы белгілейтін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.06.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.06.2024 – 19.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10ГБ

Сұхбаттасу күні

25.06.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

74-96-94