Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің жетекші маманы, (C-O-6 санаты, 1 бірлік, «В» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Атырау облысы
180517
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмыс жоспарының жасақталуына қатысу және орындалуын қамтамасыз ету. Бөліммен қалыптастырылатын статистикалық жарияланымдардың уақытылы және сапалы дайындалуын қамтамасыз ету. Алғашқы статистикалық деректердің респонденттермен он-лайн режимінде ұсынылуын арттыру шараларын қабылдау. Алғашқы статистикалық деректердің сапасын қамтамасыз ету. Статистикалық бизнес-тіркелімді жаңғырту, респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау. Бөлім құзыреті шегінде келіп түскен сұраныстарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау. Бөлім құзыреті шегінде респонденттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау (профилактикалық бақылау) жүргізу. Бөлімнің істер номенклатурасын жасақтау және мұрағатқа жіберілетін құжаттарды дайындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және бас маман болмаған жағдайда, оның міндетін атқару.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 25.06.2024
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
74-96-94