Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы (C-O-3 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

С-О-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

317807

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Халықаралық стандарттар және ғылыми
әдіснама негізінде бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйені жетілдіру жөніндегі
жұмысты ұйымдастыру. Респонденттерден қағаз жеткізгіштерді алынған алғашқы
статистикалық деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізуді жүзеге асыру.
Әлеуметтік және демографиялық статистика бойынша есептерді өңдеу және
зерттеулер жұмыстарын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Заңды және жеке
тұлғалар үшін әлеуметтік және демографиялық статистика бойынша жиынтық
статистикалық ақпараттың қолжетімдігін, статистикалық көрсеткіштердің
тұтастығын, дәйектілігін және жеткіліктігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты
ұйымдастыру. Алғашқы статистикалық ақпараттың құпиялығын және сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Басқармадағы талдау жұмысын
ұйымдастыру. Облыс және өңірлердегі әлеуметтік процесстерді, халықтың тұрмыс
деңгейі мен демографиялық жағдайды талдау. Салалық статистикалық жинақтар
мен анықтамалықтарды жасап дайындау жұмыстарын ұйымдастыру. Салалық
статистикалық материалдарды дайындау, басып шығару және тарату бойынша
жұмысты ұйымдастыру. Салалық статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру,
ендіру, дамыту және жетілдіру жөніндегі жұмысты, серпінділік қатарларын жүргізу
бойынша жұмысты ұйымдастыру. Облыс және өңірлердегі әлеуметтік және
демографиялық статистика бойынша ақпараттық-статистикалық деректерқорларды
өзектендіруді ұйымдастыру. Білім беру және денсаулық сақтау кәсіпорындарының
статистикалық бизнес-тіркелімін өзектендіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Департаменттің аудандық басқармаларына әдіснамалық басшылық жасау, алғашқы
есепке қоюды жетілдіру, есептілікті жинауды және өңдеуді ұйымдастыру,
талдамалық материалдарды дайындау бойынша жұмыстарына бақылау жасау.
Респонденттер мен әкімшілік дереккөздер қатысында бақылау функцияларын
жүзеге асыру.

"А" функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.05.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.05.2024 – 24.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

28.05.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-95-30