Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ішкі әкімшілендіру басқармасының бас маманы, (C-O-5 санаты, 1 бірлік, «Б» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Шығыс Қазақстан облысы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Түсімдерді, ішкі ауыстырылударды, негізгі құрал-жабдықтың істен шығуын және тауар-материалдық құндылықтарды есеп беретін материалдық жауапты тұлғалардың қиылымында рәсімдеу. «1 С бухгалтерия» бағдарламасының нысандары бойынша негізгі құрал-жабдықтың қозғалыстарын уақытында бейнелеп көрсету. Түгендеу карточкада активтердің талдамалы есебін жүргізу. Жол қағаздарын өңдеу. ЖЖМ, материалдарды, босалқы бөлшектерді және басқадай заттарды есептен шығару. Айналадағы ортаның ластануы бойынша декларацияны жасау. Негізгі құрал-жабдықтын тозуын есептеу. Экономикалық есеп және шығын баптарына талдау жүргізу, 1-С Бухгалтерия бағдарламасындағы бухгалтерлік есеп шотында банктік операцияларды көрсету, ақша қаражаттарының нақты шығыстарын талдау, әртүрлі дебиторлар және кредиторлармен салыстыру актілерін ай сайын ресімдеу, штаттық кестені жасау, белгіленген мерзімде орындалған құжаттарды мұрағатқа тапсыру. Кассалық және банк операцияларын жүзеге асыру. Аймақтық Қазынашылық органмен, екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеу. Касса бойынша операцияларды есепке алуын ұйымдастыру. Қаражаттарды дұрыс және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен шаруашылық шартты ресімдеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 30.05.2024
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
74-96-94