Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті персоналды басқару қызметінің жетекші маманы, (C-O-6 санаты, 1 бірлік, «Б» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

С-О-6 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

180517

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша жұмыстарды жүргізеді; бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурстық рәсімдер өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеі; ҚР ҰҚК мен АЕжҚСК-де арнайы тексеріс өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; қызметкерлердің жеке істерін жүргізеді, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан босатуды уақытында рәсімдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша жоспар дайындайды; еңбек демалысы кестесін дайындайды, іссапар жоспарын құрады; істер номенклатурасын жасайды, құжаттарды есепке алу және сақтау бойынша жұмысты үйлестіреді, олардың жай-күйі мен мұрағатқа сақтауға бергенге дейін сақталуына бақылауды жүзеге асырады. іссапар туралы, жеке құрам бойынша, басқа да бұйрықтарды дайындайды; тағылымдама және тәлімгерлік бойынша жұмысты ұйымдастырады; жеке құрам есебі және еңбек қызметі туралы анықтама беру, еңбек кітапшаларын сақтау және толтыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; департамент кадрларының мониторингін және кадрлық іс жүргізеді, оның ішінде «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.04.2024 – 10.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10ГБ

Сұхбаттасу күні

16.04.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 4 кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

74-96-94