Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Жаңақала ауданының Статистика басқармасының басшысы, (C-O-3 санаты, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

С-О-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

317807

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Жұмысты ұйымдастырады және мамандарға жүктелген жұмыстар мен функциялардың орындалуын бақылайды; статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді; ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы статистикалық жинаққа материалдар дайындайды; жеке және заңды тұлғалардың бастапқы жєне статистикалық есептерінің қойылуын қадағалайды; интервьюерлердің жұмысын ұйымдастырады; шаруашылық есеп бойынша әдістемелік көмек көрсетеді; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді; салалық каталогтерді жүргізеді және оны жаңғыртуды жүзеге асырады;  Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады; іс жүргізуді басқарманың іс номенклатурасына сәйкес жүргізеді. Статистикалық нысандарды қағаз жеткізгіштерде қабылдауды жүзеге асырады; «е-Статистика» ақпараттық-интерграциялық жүйесіне статистикалық нысандарды қабылдау туралы мәліметтерді енгізеді; респондент кабинетіне кіру және статистикалық нысанды электрондық форматта толтыру бойынша кеңес береді және практикалық көмек көрсетеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.04.2024 – 10.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10ГБ

Сұхбаттасу күні

16.04.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 4 кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

74-96-94