Сауда статистикасы басқармасының басшысы (санаты - С-О-3, 1 бірлік)
Астана қаласы
141576 - 191482
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Шығыстану
- Әлеуметтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне басшылық жасау және бақылау. Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес басқарма жұмысын жоспарлау. Әдістемелік нұсқаулар мен ережелерге сәйкес жалпы мемлекеттік статистикалық бақылаулардың өткізілуін қамтамасыз ету. Статистикалық көрсеткіштердің нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету, басқарма құзыретіне кіретін тиісті экономикалық қызмет түрлері бойынша орын алып жатқан экономикалық және әлеуметтік үдерістерге, олардың даму беталыстарына талдау жасау. Сауда статистикасы бойынша әдіснаманың сақталуын, сапалы есептіліктің уақтылығын және қалыптастырылуын бақылау. Департаменттің статистикалық қызметіндегі үдерістердің сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру және жүргізу. мемлекеттік статистика саласында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен көзделген баптармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, сұраулар мен қорытындылар, әкімшілік іс жүргізудегі өзге де құжаттарды жасау. Интервьюерлерді іріктеу және олардың жұмысына басшылық ету, оларды оқыту және нұсқау беру. Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін әзірлеу және олардың өзара ауыстырмалылығын анықтау, басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылау. Департамент басшылығы белгілеген, басқа да өкілеттілікті жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- г.Нур-Султан, ул. Желтоксан,22
-
316-253