Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басқарма басшысы, (C-O-3 санаты, УКВОРИАИ-1, 1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Ақтөбе облысы
317807
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестіру; Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру; қабылданған статистикалық нысандар мен кәсіпорын қызметінің жоқтығы туралы хабарламаларды уақтылы тіркеу және есептерді толтырудың толықтығын тексеру, сондай-ақ респонденттердің мәліметтерін өзектендіру; мемлекеттік орган қызметіне қанағаттану деңгейінің мониторингі үшін респонденттердің Q-001 нысаны бойынша электронды түрде сауалнамадан өтуін ұйымдастыру; басқарманың Департаменттің салалық басқармаларымен жұмысын үйлестіру; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарының жасалуына және орындалуына бақылауды жүзеге асыру; басқарма қызметкерлеріне тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар беру; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру; мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеу; заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптар дайындау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізу, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу құжаттарының орындалуын бақылау; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді құқықтық сүйемелдеу; Департаменттің ведомстволық деректер банкіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ақпараттық есепке алу құжаттарының деректерін енгізу; тиісті мемлекеттік органдарға есептілік ұсыну. «А» функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 15.03.2024
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8 үй, 4 кіреберіс, «Министріліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
74-96-94