Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ұлттық шоттар департаменті Кірістерді бөлу және пайдалану шоттары басқармасының сарапшысы, (C-5 санаты, 1 бірлік, «Б» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Статистикалық жұмыстар жоспарының,
мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы
орындалуын ұйымдастыру.
Статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, ҚР
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының
жоспарлы және есептік құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға
және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруға қатысу.
ҰШЖ 2008 енгізумен байланысты жұмыстарды жүргізуге қатысу.
Әдіснаманы, әдістемелік және нұсқаулық материалдарды әзірлеуге қатысу және
ЖІӨ-ні кірістерді қалыптастыру және түпкілікті пайдалану әдісітерімен
есептеулерін жүргізу.
Деректерді түрлендіру, өңдеу, талдау және модельдеу, үлкен деректермен
жұмыс.
Мамандандырылған бағдарламалардың көмегімен статистикалық талдауды
жүргізу, есептеудің автоматтандыруын енгізу.
Өз құзырет шегінде оқыту іс-шараларын өткізу.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика
бюросы басшылығының жоспарларын, өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген
мерзімде орындау.
Талдамалық баяндамалар, анықтамалықтар, жинақтар және өзге де
жарияланымдар үшін кестелік және өзге де статистикалық материалдарды
дайындау.
Өз құзыреті шегінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл.
Халықаралық іс-шаралар мен жобаларға қатысу, басқа елдердің статистикалық
офистерімен ынтымақтастық.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.03.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.03.2024 – 15.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10ГБ

Сұхбаттасу күні

26.03.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 4 кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30