Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті ішкі әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (C-O-5 санаты, №02-02, 1 бірлік, «Б» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Абай облысы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Оған жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау. Негізгі персонал - Департамент қызметкерлерінің жалақысы бойынша есептеумен және ұстап қалумен айналысу. Бекітілген штат кестесіне, пайдаланылған жұмыс уақытын есепке алу бұйрықтары мен табельдеріне сәйкес, сауалнамалардың саны бойынша - үй шаруашылығын, техникалық персоналды, іріктеп зерттеу бойынша интервьюерлерге жалақыны есептеу және ұстап қалу операцияларын, айналым тізімдемесіне түсіріп жазу.1С-Бухгалтерия бағдарламасында жалақыны есептеу және ұстап қалу бойынша таратуды және аудару бойынша банкпен салыстырып тексеруді жүргізу.Еңбекке уақытша жарамсыздық, демалысқа шығу, қызметкерді жұмыстан шығару кезінде жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысуды жүзеге асыру. Зейнеткерлікке, несие алу үшін, табыс салығы туралы, талап ету орны бойынша орташа табыс туралы анықтамаларды ресімдеу. Жеке табыс салығын, кәсіподақ жарналарын, партиялық жарналарды, алименттерді, зейнетақы аударымдарын, әлеуметтік аударымдарды есеп айырысу шотынан аудару үшін құжаттарды дайындау, МТ-102 банктері мен пошта бөлімшелеріне салымдарға жалақы аударуға тізімдер жасау. Әлеуметтік салық, табыс салығы, зейнетақы қоры, әлеуметтік аударымдар бойынша тоқсандық, жылдық салық есептерін және декларацияларды жасау. Тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есептемелерді жасау. Жалақы бойынша есепке алу мен есептілікке байланысты мәселелер бойынша ережелердің, нұсқаулықтардың, әдістемелік нұсқаулардың жүйелі есебін жүргізу. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, құжаттарды даярлап, тігіп оларды белгіленген мерзімде мұрағатқа тапсыру. Жеке компьютер және қолданыстағы 1С-Бухгалтерия бухгалтерлік есеп бағдарламасын қолданып, кассалық операцияларды жүзеге асыру. 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына сәйкес ҚР шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жатқызудың дұрыстығы мәніне тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (шарттар, шоттар) және өзге де шығыстарды сатып алуға ұсынылған құжаттардың ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру. Төлем үшін келіп түскен құжаттарды (өтінімдерді, міндеттемелерді) дұрыс және уақтылы ресімдеу. Банк операцияларын жүзеге асыру, айналым мерзімі және құжаттарды ресімдеу бойынша Қазынашылықпен жұмыс істеу. Мемлекеттік көтерме сатып алу бойынша тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетудің ақысын төлеуге арналған төлем тапсырмаларын басып шығару. Департамент қызметкерлерінің жалақысын және басқа да төлем түрлерін карт - шоттарға аудару. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша, ЖҚЖ сәйкес, қаржылардың шығынын бақылау. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының талабы бойынша, Қазынашылық ұйымдары арқылы жұмсалған қаржыларға есеп берудің қажетті түрін уақытында тапсыру. Ашық лимиттерге сәйкес қаржылардың дұрыс және тиімді қолдануына, олардың бекітілген ҚЖ сәйкес, мақсаттық пайдалануына бақылау жүргізуге.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 20.03.2024
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 4 кіреберіс, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты
-
74-95-30