Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (C-O-2 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

С-О-2 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Математика
  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Аграрлық техника және технология
  • Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
  • Туризм
  • Бағалау
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде Департамент басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, сот және қадағалау органдарымен және өзге де заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынаста Департаментті білдіру. Ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен және респонденттермен жұмыс жасау. Департаментке жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Департамент жоспарында көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау. Ұлттық санақтарды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін саладағы құрылымдық басқармалардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілерінің, Бюро бұйрықтарының, Департамент бойынша шешімдер мен бұйрықтардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен және оның тиісті филиалдарымен өзара іс-қимыл жүргізу. Ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттар негізінде бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін және жетілдірілуін қамтамасыз ету. Статистикалық көрсеткіштердің толықтығын, анықтығын және жеткілікті болуын қамтамасыз ету, статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс, олардың сұраулары бойынша жеке және заңды тұлғаларға ресми статистикалық ақпаратты ұсыну. Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.02.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.02.2024 – 27.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

29.02.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30