Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Пайдаланушылармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Журналистика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Полиграфия
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) өзара іс-қимыл және жұмысты үйлестіру, оның ішінде баспасөз конференцияларын, брифингтер ұйымдастыру, баспасөз хабарламаларын және т.б. материалдарды дайындау; Комитеттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін БАҚ-та жария ету; Комитет қызметін республикалық, өңірлік және шетел БАҚ-тарында жариялаудың негізгі үдерістері туралы Комитет басшыларын ақпараттандыру мақсатында БАҚ жедел мониторингілеу.  Басқарма жоспарымен көзделген жұмыстарды уақтылы және сапалы орындау; статистикалық ақпаратты таратуды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құжаттар жобаларын дайындау; статистикалық жарияланымдарды қалыптастыру үдерісін жетілдіру; статистикалық ақпаратты тарату үдерісін жетілдіру; басқарманың құзыреті шегінде бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алулар жөнінде құжаттама жобаларын дайындау; жиынтық статистикалық жарияланымдарды әзірлеу және қалыптастыру; жарияланым қызметі және статистикалық ақпаратты тарату саласында салалық басқармалар қызметін үйлестіру; жарияланым қызметі және статистикалық ақпаратты тарату саласында аумақтық статистика органдарының қызметін үйлестіру; шарт міндеттемелері аясында статистикалық жарияланымдарды дайындау, тираждау және тарату бойынша қызметтерді жеткізушілер қызметін үйлестіру; пайдаланушылардың сұрауларына жауаптар қалыптастыру; статистикалық ақпаратты тарату мәселелері бойынша пайдаланушылармен өзара іс-қимыл; Басқарма ұйымдастыратын іс-шараларды дайындау және өткізуге қатысу; статистикалық ақпаратты тарату мәселелері бойынша халықаралық жобалар мен семинарларға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.07.2020 – 24.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.07.2020

Сұхбаттасу орны

г. Нур-Султан, Дом Министерств, пр. Мәңгілік ел, дом 8, 4 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-95-30, 8-701-488-12-85