Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Ақпараттық технологиялар басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Физика
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: информатика
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмыс жоспарымен қарастырылған жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру. Комитеттің ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын бақылау және ұйымдастыру. Метадеректерді жүргізу саласында ақпараттық жүйелер мен технологияларды құру, дамыту және жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Метадеректерді жүргізу саласында әдіснамалық және әдістемелік түсініктемелер әзірлеу. Метадеректерді жүргізу саласында ақпараттық жүйелер мен технологияларды құру және дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау. Комитеттің деректер қорларымен жұмысты үйлестіру. Комитеттің деректер қорларымен жұмысты мониторингілеу және құралдарды басқару. Комитеттің деректер қорларының «е-Статистика» ИАЖ-ның басқа компоненттерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Комитетте ақпарттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау. Комитет және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі мен ақпараттық жүйелерге, телекоммуникациялар жүйелеріне, есептеуіш және ұйымдастыру техникаларына техникалық қолдауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау. Ақпараттық жүйелер бойынша құжаттаманы әзірлеуге қатысу. Өз құзыреті шегінде Комитеттің бюджеттік бағдарламаларын жоспарлауға қатысу. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша нормативтік-құжаттарды әзірлеу және келісуге қатысу; статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Комитеттің жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.07.2020
- г. Нур-Султан, Дом Министерств, пр. Мәңгілік ел, дом 8, 4 подъезд
-
8 (7172) 74-95-30, 8-701-488-12-85