Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 2021 жылғы 24 желтоқсанға дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне, санаты С-4, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Әлеуметтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Білім: математика

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді  әзірлеуге қатысу, Комитеттің және Басқарманың жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуын мониторингілеуді жүзеге асыруға, әлеуметтік, демографиялық және гендерлік  статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдіснамалық тәсілдерді жетілдіруге қатысу. Әлеуметтік, демографиялық және гендерлік статистика зерттеулерін ұйымдастыру бойынша қызметті үйлестіру, оларды әдіснамалық және нұсқаулық сүйемелдеуді (статистикалық байқауларды, зерттеу нысандарын және статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдіснамасын әзірлеу) жүзеге асыру. Әлеуметтік, демографиялық және гендерлік статистика бойынша зерттеу әдіснамасының сақталуын, ақпаратты жинау және өңдеу кезеңдерінде оның уақытында қалыптастырылуын, сонымен бірге зерттеу қорытындыларын және олардың шығарылуын бақылау. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің басқа да басқармаларымен өзара іс-қимыл. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті атынан Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша министрліктерде, ведомстволарда, комиссияларда, комитеттерде және басқа уәкілетті органдарда өкілдік ету. Халықаралық іс-шараларға және жобаларға қатысу, басқа елдердің статистикалық офистерімен ынтымақтастық. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) талаптарын және қызметтік этиканы сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.07.2020 – 24.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.07.2020

Сұхбаттасу орны

г. Нур-Султан, Дом Министерств, пр. Мәңгілік ел, дом 8, 4 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-95-30, 8-701-488-12-85