Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Құрылымдық статистика басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Білім: математика
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу,Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің есептік құжаттарын және жоспарларын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру және олардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу. Мемлекеттік статистиканы жетілдіру бойынша іс-шараларды, статистикалық жұмыстар жоспарының уақтылы және сапалы орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Әдіснаманы, әдістемелік және нұсқаулық материалдарды әзірлеу, құрылымдық статистика және конъюнктуралық зерттеулер көрсеткіштерін қалыптастыру және басшылықты жүзеге асыру. Құрылымдық статистика және конъюнктуралық зерттеулер бойынша статистикалық есептіліктің нысандарын және оларды толтыру бойынша нұсқаулықтарды қалыптастыру. Шағын және орта кәсіпкерлік қызметі бойынша әдіснамалық ұсынымдарды әзірлеу және көрсеткіштерді қалыптастыру. Белгіленген мерзімде Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті басшылығының тапсырмаларын, өнімдерін және жоспарларын орындау. Талдамалық баяндамалар, анықтамалықтар, жинақтар мен басқа да жарияланымдар үшін кестелік және басқа да материалдарды дайындау. Өз құзыреті шегінде Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің басқа басқармаларымен өзара іс-қимыл. Өз құзыреті шегінде Құрылымдық статистика басқармасының құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша Ұлттық экономика министрлігі Статистика қомитетінің атынан министрліктерде, ведомстволарда, комиссияларда, комитеттерде және басқа да өкілетті органдарда өкілдік ету. Халықаралық іс-шараларға және жобаларға қатысу, басқа мемлекеттердің статистикалық офистерімен ынтымақтастық. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (СМЖ) және қызметтік этиканы сақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.07.2020
- г. Нур-Султан, Дом Министерств, пр. Мәңгілік ел, дом 8, 4 подъезд
-
8 (7172) 74-95-30, 8-701-488-12-85