ҚР ҰЭМ СК Атырау облысының Статистика департаментінің Қаржы басқармасының бас маманы (уақытша, 11.07.2022ж. дейін бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне)
Атырау облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Функционалды міндеттер
Тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттің жобасын әзірлеу және бюджеттiк қаражаттардың игерілуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізу, тоқсандық және жылдық есептерін жасақтау. Статистикалық есептерді дайындау және уақытында тапсыру. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне» сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алудың алдағы кезеңге жоспарланған жылдық жоспарын әзірлеу және веб порталға енгізу. Өтінімдерді дайындап, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру (конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, аукцион, бір көзден, тауар биржалары арқылы). Бір көзден алу, конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, аукцион, тауар биржалары тәсілдері арқылы жүргізілетін сатып алудың құжаттарын әзірлеу және ресімдеу. Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша, хаттамаларды және т.б. қорытындыларын ресімдеу. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік сатып алу туралы шарттарын уақытылы қол қоюлуын қадағалау. Мемлекеттік тапсырыстар тәртібін өз уақытында жүргізу және ресімдеу, құжаттарды, коверттерді тіркеу, веб-сайтта мемлекеттік тапсырыс туралы жарнамалар мен қорытындысын орналастыру, хаттамаларды ресімдеу және тіркеу. «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес тауар, жұмыс және қызмет көрсетумен жабдықтауға арналған келісім шартының өз уақытында және мақсатты түрде жасалуын ресімдеу. Келісім жасау кезінде міндетті түрде баламалы ұсыныстардың болуын қамтамасыз ету. Өзінің кәсіби дәрежесін үнемі жоғарылату. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен түскен сұраныстарға жауаптар дайындау және мемлекеттік органдармен хат алысу бойынша жұмыс жасау. Басқарманың жұмысына байланысты семинар кеңестерге қатысу. Мұрағат жұмысын ұйымдастыру, құжаттарды мұрағатқа жіберуге және оларды жоюға дайындау. Басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын белгiленген мерзiмде орындау. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте заңмен қорғалатын құпияларды, соның ішінде азаматтардың жеке өмiріне, абыройына және ар-намысына қатысты мәліметтерді сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайлардан басқа, олардан осындай ақпаратты ұсынуды талап етпеу. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада басқа мамандар болмаған жағдайда олардың қызметтік міндеттерін орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.07.2020
- Атырау қ., Махамбет к., 116 «б»
-
8(7122)32-42-56