ҚР ҰЭМ СК Атырау облысының Статистика департаментінің Қаржы басқармасының бас маманы (уақытша, 19.08.2021ж. дейін бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне)

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттің жобасын әзірлеу және бюджеттiк қаражаттардың игерілуін қамтамасыз ету. Бухгалтерлік және салық есебін жүргізу. Дұрыс және уақытылы аударымдар жүргізу, жалақыны,  сыйлықақыны,  қызметке жарамсыздық парағын, еңбек демалысын, өтемақыны, жұмысшылардың атқару парақтары және тағы да басқа аударымдарды есептеу. Қызметкерлердің зейнетақы және әлеуметтік аударымдарын дайындау және аудару. Еңбекақы төлеуге байланысты мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдерді уақытылы есептеу және аудару. Бухгалтерлік, қаржылық және салықтық есептерді жүргізуге қатысу. Кіріс және шығыс құжаттарын, кассалық кітаптарды жүргізу, нақты қаржы сомасын қаржы қалдығымен салыстырып отыру. Кассалық есептілікті жасау. Мұрағат жұмысын ұйымдастыру, құжаттарды мұрағатқа жіберуге және оларды жоюға дайындау. Басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын белгiленген мерзiмде орындау. Өзінің кәсіби дәрежесін үнемі жоғарылату. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен түскен сұраныстарға жауаптар дайындау және мемлекеттік органдармен хат алысу бойынша жұмыс жасау. Басқарманың жұмысына байланысты семинар кеңестерге қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте заңмен қорғалатын құпияларды, соның ішінде азаматтардың жеке өмiріне, абыройына және ар-намысына қатысты мәліметтерді  сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайлардан басқа, олардан осындай ақпаратты ұсынуды талап етпеу. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқарма басшысы болмаған жағдайда оның қызметтік міндеттерін орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.07.2020 – 24.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.07.2020

Сұхбаттасу орны

Атырау қ., Махамбет к., 116 «б»

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122)32-42-56