Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті баға статистикасы, тіркелімдер және статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің бас маманы (C-O-5 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Математика және статистика
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Сәулет және құрылыс
  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Орман шаруашылығы
  • Агроинженерия
  • Көлік қызметтері
  • Математика
  • Информатика
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Металлургия
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • Туризм
  • Әлеуметтік жұмыс

Қосымша талаптар

орман инженерлік ісі, көлік

Функционалды міндеттер

Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес
баға және кәсіпорындар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық
байқауларды жүргізеді.
Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс,
статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде баға және кәсіпорындар
статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және
ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүзеге асырады.
Баға және кәсіпорындар статистикасы бойынша статистикалық нысандар
бойынша респонденттермен оқыту семинарларын өткізеді.
Баға тіркеу кезінде деректердің сапасын және дәйектілігін қамтамасыз ету
бойынша шараларды жүргізеді.
Бөлімнің жұмыстар жоспарларына сәйкес статистикалық бизнес-тіркелімді,
халықтың статистикалық тіркелімін,ауыл шаруашылығының статистикалық
тіркелімін, тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді және
өзектендіруді жүзеге асырады.
Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесіне сәйкес мемлекеттік статистика органдары
қалыптастыратын қызметті, іс-шараларды жоспарлау және статистикалық ақпаратты
тарату бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.
Статистикалық ақпаратты қолданушылардың қанағаттану сауалнамалары
туралы ақпаратты талдайды, ұйымдыстырады және жүргізеді, қолданушылардың
қанағаттануын арттыру бойынша шаралар қабылдайды.
Өндірістік кеңестер, семинарлар, бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз
конференциялар, Департамент қызметінің сұрақтары бойынша «Ашық есік
күндерін», «дөңгелек үстелдер» жүргізу үшін материалдар дайындайды.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсының Ұлытау
бөлімінде ақпарат орналастыруды және жаңартуды үйлестіреді және бақылайды.
Статистикалық жарияланымдарды корпоративтік стильді қолдану жөніндегі
нұсқауға сәйкес ресімдеуді бақылауды іске асырады.
Мемлекеттік құпияларды қорғауды, оның ішінде құпия іс-жүргізуді жүзеге
асырады.
Департаменттің Ақпараттық қауіпсіздік саясатын үйлестіреді және жүзеге
асырады.
Баға және кәсіпорындар статистикасы бойынша респонденттерге және
аумақтық статистика бөлімдерінің мамандарына әдіснамалық көмек көрсетеді.
Бөлімнің негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың
өтініштеріне, мемлекеттік органдардың сұраныстарын қарауды және жауаптарды
уақытылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге
асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.01.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.01.2024 – 02.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

06.02.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOM платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30