ҚазақстанРеспубликасыныңСтратегиялықжоспарлаужәнереформаларагенттігіҰлттық статистика бюросызаңдепартаментінің директоры (C-1 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдықблогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

824323

Жалпы біліктілік талаптары

С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-2, C-2, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес**.

 

Ескертпе: ** – конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған жалпы конкурс қатысушылары жоқ болған жағдайда бұл талап қойылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Департамент қызметкерлерінің нормашығармашылық қызмет, Еңбек және орындаушылық тәртіп мәселелері бойынша қызметін жедел басқаруды жүзеге асыру, үйлестіру және ұйымдастыру, Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар (нұсқаулықтар, әдістемелер), бірлескен бұйрықтар, қаулылар, өкімдер және басқа құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, заңнамада көзделген Қазақстан Республикасының заң жобаларына ғылыми сараптама бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын қалыптастыру кезінде ұсыныстар енгізу. Ұлттық статистика бюросында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіруді жүзеге асыру. Департамент құзыреті шегінде Ұлттық статистика бюросы әзірлейтін заң жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, өкімдерін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді  дайындауға қатысуды қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық актілердің көрсетілген жобаларына бұрыштама қою, нормативтік құқықтық актілерді тиісті органдарға келісу және бекіту үшін жолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ бекітілген нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тіркеуге жолдау. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді талап етпейтін нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне жіберуді және орналастыруды қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз ету. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктерде басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауға қатысу. Ұлттық статистика бюросы жүйесі органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жасау фактілері туралы ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыруға қатысу; Ұлттық статистика бюросы жүйесі органдарының қызметкерлеріне қатысты олардың заңдылықты, орындаушылық тәртіпті, төтенше оқиғаларды, сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасау фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізу; Ұлттық статистика бюросы басшылығының қарауына Департамент құзыреті бойынша қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану және алып тастау туралы ұсыныстар енгізу; Ұлттық статистика бюросы жүйесі органдарының қызметкерлері жол берген анықталған тәртіп бұзушылықтарға талдау жүргізу;  Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары бойынша олардың заңнама талаптарына сәйкестігін қарау және қорытынды ұсыну, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуы. Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Ұлттық статистика бюросының қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне талдау жүргізу және оларды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу. Мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдын алу шараларын қолдануға арналған жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға, Ұлттық статистика бюросында жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізуге қатысу. Қазақстан Республикасының сот, өзге де мемлекеттік органдарында Ұлттық статистика бюросының құқықтары мен мүдделерін қорғау. Заңнамада көзделген негіздер болған кезде Ұлттық статистика бюросының пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау, сондай-ақ прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасы зету. Жоғары тұрған органмен, құрылымдық бөлімшелермен, аумақтық бөлімшелермен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара қарым-қатынас кезінде Ұлттық статистика бюросының қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Аппараттық кеңестерге құқықтық жұмыстың жай-күйі туралы ақпарат жобасын дайындау. Ведомстволық бағынысты ұйымға құқықтық көмек көрсету. Респонденттер мен әкімшілік дереккөздер шағымданған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға құзыреті шегінде қатысу. Құзыреті шегінде Ұлттық статистика бюросы, Агенттік басшылығының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді орындау.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.01.2024 – 30.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 ГБ

Сұхбаттасу күні

02.02.2024

Сұхбаттасу орны

Астана Мангилик ел 8, администартивное здание "Дом министерств"

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30