Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті тіркелімдер бөлімінің бас маманы ("Б" функционалдық блогы, № 05-03)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Абай облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Статистикалық бюллетендер, жедел ақпараттар, жинақтар және публикациялық жарияланымдарды шығару және дайындаумен айналысады. АЖ СБТ (Статистикалық бизнес тіркелім) жауапты және ТҚСТ АЖ (Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімі), АЖ АШТ (Ауылшаруашылық тіркелімі) ақпараттық жүйелерімен жұмыс жүргізеді. Департаменттің салалық бөлімдерінен, аудандық статистика бөлімдерінен мемлекеттік статистикалық бизнес тіркелімі, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп тіркелімі, тұрғын үй қорын өзектендіру бойынша мәліметтер алады. Абай, Бородулиха, Көкпекті аудандық статистика бөлімдерінің есептіліктеріне жауапты. СБТ (Статистикалық бизнес тіркелім) проблемалы жеке кәсіптермен және заңды тұлғалармен жұмыс жасайды. Қауіпсіздік Саясатының белгіленген талаптары бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және алғашқы статистикалық ақпараттың құпиялығын сақтайды және іске асырады. Әкімшілік деректері бойынша статистикалық бизнес тіркелімді өзектендіруді жүргізеді. Серпінді қатарларды жүргізуді жүзеге асырады. Пайдаланушылардың ішкі және сыртқы өтінімдерімен іріктемелерді, жеке және салалық тізімдемелерді қалыптастырады. 1-СР «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп», 1-НП «Жаңа кәсіпорындарға, өнеркәсіптерге сауал салу» нысандары бойынша статистикалық есептілікті жинау, қалыптастыру, анықтығын бақылайды. Бөлімде мұрағат бойынша жұмысты орындайды.Ұлттық санақ бойынша дайындыққа және өткізуге қатысады. Ресми дереккөздерін алынған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру жолымен әкімшілік дереккөздерге бармай мемлекеттік бақылауға қатысады. Әкімшілік дереккөздерге барып мемлекеттік бақылау жүргізеді. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептіліктерді қалыптастырады. Заңды тұлғаларды, филиалдарды және өкілеттіліктерді тіркеу/қайта тіркеу туралы электронды хабарлау бойынша статистикалық бизнес тіркелімді өзектендіруды жүзеге асырады. Департамент жоспарымен қарастырылған жұмыстарды уақтылы және сапалы орындайды. Бөлімнің міндеттерінен туындайтын басқа функцияларды орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 26.01.2024
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 4 кіреберіс, "Министрліктер үйі" Әкімшілік ғимараты
-
74-95-30