Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қаржы, құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасының бас маманы (C-O-5 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, "В" функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Геодезия және картография
  • Құрылыс
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыретіне кіретін статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректердің базасын құру, бекітілген әдіснамаға сәйкес респонденттерден бастапқы статистикалық ақпаратты жинауды қамтамасыз ету. Сапаны бақылау, статистикалық байқаулардың әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық деректерді түзету, салалық жинақтарды шығару, сала аралық жинақтарды және басқада арнайы басылымдарды дайындауға қатысу. Экономикадағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерде туындаған статистикалық талдау. Бейінді заңнамалық нормалардың жұмысында өзгерістер мен қолдануды бағалау. Статистикалық есептіліктің сапасын арттыру мақсатында, респонденттерді оқыту және көмек көрсету, қаржы, құрылыс және инвестиция статистикасы бойынша облыс қалалары мен аудандардың статистика басқармаларының жұмысын үйлестіру. Динамикалық қатардың құралымын әзірлеу және динамикалық қатарды жүргізу. Мұрағаттық құжаттаманы және істерді ресімдеу. «е-Статистика» ақпаратттық интегралдық жүйемен жұмыс істеу, он-лайн режимі бойынша респонденттерге деректер жинауға кеңес беру. Респонденттерге қатысты әкімшілік іс жүргізу үшін дәлелдемелердің толықтығын, нақтылығын және жеткілігін қамтамасыз ету. Статистикалық есептіліктердің деректерін үнемі түрде біріңғай геоақпарат аланы порталының деректерімен тексеру. Құрылыс жұмыстарының (соның ішінде құрылыс геодезиясының) орындалуы және объектілерді пайдалануға беру туралы статистикалық есептерді растайтын құжаттарды тексеру арқылы құрылыс бойынша дәйекті есептілік деректерін қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.12.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.12.2023 – 12.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

15.12.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30