Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті Егіндікөл ауданының Статистика басқармасының басшысы (C-O-3 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Ақмола облысы
317807
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда үш жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне басшылық жасау, жүктелген міндеттердің орындалуына, атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына дербес жауапты болу. Басқарманың қызметін жоспарлауды жүзеге асыру, басқарма жоспарының орындалуын бақылау және қамтамасыз ету. Респонденттерден қағаз жеткізгіштерде алынған алғашқы статистикалық деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізуді жүзеге асыру. Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру, бақылау және жүргізу. Респонденттерге қатысты респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, бақылау және жүргізу. Әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік дереккөздерге барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, бақылау және жүргізу. Ұлттық санақтар бағдарламаларын іске асыруды ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау. Ұлттық санақтар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету. Респонденттермен және интервьюерлер мамандармен оқыту семинарларын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, жүргізу және бақылау. Респонденттерге және интервьюерлер мамандарға әдістемелік көмек көрсету. Ісқағаздар жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және басқарманың мұрағаттық құжатнамасына байланысты жұмысын басқару. Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 22.12.2023
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты
-
74-95-30