2. Бейнеу ауданының статистика басқармасы басшысы, (С-О-3, 1 бірлік), негізгі қызметкерлердің бала күту бойынша демалысы мерзіміне уақытша 2022 жылғы 17 наурызға дейін).
Маңғыстау облысы
141576 - 191482
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
аудандық деңгейде басқарма жұмысын ұйымдастыру және басқару. Басқарманың стратегиялық даму жоспарының, статистикалық және ұйымдастыру жұмыстары жоспарларының уақытында және сапалы орындалуы. Басқарма қызметіне сараптама, оңтайландыру, басқарма жұмысының сапасының артып, кәсібилігі мен жұмыс тиімділігін арттыру бойынша жоспарлар жасап, шаралар қабылдау және олардың жүзеге асуына бақылау жасау. Статистикалық ақпараттардың дұрыстығы мен сапасын, оның өзектілігін, жеделділігін қамтамасыз ету. Мәліметтердің таратылу мәселері бойынша пайдаланушылармен өзара бірге әрекет ету, статистикалық ақпаратты пайдаланушыларды оқыту, үйрету, олардың ұсыныс-шағымдарын қарау. Департаменттен келіп түскен тапсырмаларды уақытында орындау. Сапа саласында және сапа менед-жменті жүйесін дамыту саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған шараларға қатысу. Бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға. Басқарманың ақпараттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне бақылау жасау.
Серпінді қатарлар мен техникалық оқудың жүргізілуін ұйымдастырып, бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.07.2020
- Маңғыстау облысы статистика Департаменті» ғимараты, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 41 үй
-
31-91-55,31-90-56