Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті Бородулиха ауданының Статистика бөлімінің жетекші маманы, (C-O-6 санаты, №14-03,1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 7 желтоқсанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, "В" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Абай облысы
180517
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Статистикалық есептіліктердің уақытылығын, толық қамтылуын және сапасын қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету және энергетика, агрономия, аграрлық техника және технология, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аңшылықтану және аң шаруашылығы, балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау, орман ресурстары және орман шаруашылығы, өнеркәсіп және қоршаған орта салаларында болып жатқан әлеуметтік - экономикалық процестер мен құбылыстарды жинауды және өңдеуді, экономикалық талдауды жүргізеді. Статистикалық деректерді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады. Респонденттермен жұмыс істеу үшін материалдарды дайындайды. Статистикалық есептілікті жинау мәселелері бойынша әдіснамалық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. «Бір терезе» принципі бойынша жұмыс жүргізеді. «Е-Статистика» ақпаратттық интегралдық жүйемен жұмыс істейді, онлайн режимінде респонденттерге деректер жинауға кеңес береді. Тауар топтарында бағаларды тіркеуді, баға қозғалысын бағалауды уақытылы және сапалы жүргізеді. Бағалар ауытқуын бұрынғы тіркеумен салыстырып тексереді. Статистикалық есептілік тапсырмау немесе дәйексіз деректерді ұсыну фактілері бойынша хаттама толтыру, респонденттерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік құқық бұзұшылық туралы іс қозғау жұмыстарын жүргізу, сотқа қатысу.Бөлім міндеттеріне қатысты басқа да функцияларды орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 14.12.2023
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
8(7172)74-95-30