Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті Абай ауданының Статистика бөлімінің бөлім басшысы (C-O-4 санаты, №11-01, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Абай облысы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы, қоршаған орта статистикасы, инвестициялар және құрылыс статистикасы, ішкі сауда статистикасы, көрсетілетін қызмет статистикасы, туризм статистикасы, ғылым және инновациялар статистикасы, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы салалары бойынша статистикалық есептерді жинайды, жүргізеді және өңдейді. Респонденттермен нұсқамалық семинарларды-отырыстарды, ӘҚҚБТ (Әкімшілік құқық бұзушылықтардың біріңғай тіркелімі) АЖ, «Қазынашылық-Клиент» (департаментпен салынған айыппұлдардың бюджетке түсуін бақылау үшін) АЖ, ТБЖ (Тексерулердің біріңғай жүйесі) АЖ, ҚР БП ҚСжАЕАК ақпараттық порталымен жұмыс жүргізеді. Департамент басшылығының тапсырмаларын анық және адал орындайды сонымен бірге бөлім қызметшілерінің тарапынан олардың бұйрықтарының және нұсқамаларының орындалуына бақылауды іске асырады. Әдістемелік және талдау жұмыстарын жүргізеді және бөлім мамандарымен оның орындалуын бақылауды іске асырады. Бөлім жұмыстарының жоспарын тиісті деңгейде орындалуына, мерзімінде жиналуына, сапалы жетілдіруіне және бөлім қызметшілерімен орындалған тапсырмалардың нәтижелерін және статистикалық есептерін Департаментке берілуіне бақылауды жүзеге асырады. Бөлімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ауданның көрсеткіштері бойынша серпінді қатарларын жүргізуге бақылауды іске асырады. Статистикалық тіркеліміне мерзімінде өзекті сипат беруге, статистикалық жинақтаулардың, бюллетендердің шығарылымына және басқа да статистикалық ақпараттарының түрлерінің таратылуларына бақылау жүргізеді.Өз құзыреті шеңберінде заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттік органдардың және басқа да мекемелердің сауалдарына жауаптардың сапалы қалыптастыруын және мерзімінде жіберілуін бақылайды. Мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысындағы тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласында респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Ұлттық санақтарды жүргізеді. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Статистикалық есептілік тапсырмау немесе дәйексіз деректерді ұсыну фактілері бойынша хаттама толтыру, респонденттерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік құқық бұзұшылық туралы іс қозғау жұмыстарын жүргізу, сотқа қатысу. Бөлімнің міндеттеріне қатысты басқа да функцияларды орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 01.12.2023
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
87172749530