Қызмет көрсету статистикасы басқармасының жетекші маманы
Ақтөбе облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
Қосымша талаптар
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметіне кіретін міндеттерді орындау, лауазымдық қызметіне сәйкес еңбек тәртібін сақтау. Басқарма қызметіне кіретін мәселелер бойынша тиісті есептілікті жинақтау және Комитетке жолдауды қамтамасыз ету. Статистикалық Жұмыс жоспарына сәйкес қызмет көрсету саласы статистикасы бойынша есептіліктерді жинақтау. Жинақтардың, бюллетендердің шығарылуына дайындық жұмыстарын жүргізу. Өз қызметі шегінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, заңды және жеке тұлғалар сұрақтарына уақытылы жауап беру. Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде жұмыс істей білу. Сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) талаптарына сәйкес құжаттар дайындау. Аудандық статистика басқармасының мамандарына, респонденттерге практикалық және әдіснамалық көмек көрсету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.07.2020
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаменті» РММ, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр-хан даңғылы 25, 207 каб.
-
8(7132)541683, факс: 8(7132)563797
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57, 8 705 202-06-70) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.