Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас маманы (1 бірлік, "В" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Алматы қаласы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындау.
-Бухгалтерлік есеп және есептілік, қаржы-шаруашылық қызмет және мемлекеттік сатып алу нормалары бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасы саласында білімді меңгеру.
- 1С:Кәсіпорын бағдарламасында, Қазынашылық АЖ-да, ЭШФ АЖ-да, ЕССО есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесінде, е-minfin.gov.kz және planning.gov.kz порталдарында жұмыс істей білу.
-Белгіленген мерзімде дұрыс бухгалтерлік есепті жасау және ұсыну.
- Салық және статистикалық есептерді тапсыру.
- Банк операцияларын күнделікті есепке алуды жүзеге асыру, Қазынашылық АЖ-да төлем шоттарын құру.
- Материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың есебін жүргізу.
- №9 және №13 Мемориалдық ордерлерін жүргізу.
- Жалға алушылармен коммуналдық қызметтерді бірлесіп төлеу туралы жыл сайынғы шарттар жасау.
- Ай сайын жалға алушыларды келісім-шартқа сәйкес коммуналдық қызметтерді төлеу үшін шот-фактуралармен қамтамасыз ету.
- Жеткізушілерден шот-фактураларды алу.
- Коммуналдық шығындар бойынша төлем шоттарын дайындау.
- Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларына сәйкес түгендеу жүргізу.
-ЖЖМ шығысы бойынша ай сайынғы есепті дайындау.
-Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау.
- Құжаттардың үлгілік нысандарына сәйкес іс қағаздарды жүргізу.
-Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау.
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындау.
-Департамент басшыларының тапсырмасы бойынша, өз құзыреті шегінде, Департамент мүдделерінің басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде өкілі болу.
- Еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға және оны Басқарма қызметкерлерінен сақтауды талап ету.
- Еңбек міндеттерін осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес атқаруға.
-Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауға.
- Сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалану.
-Жазылым бере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, сақтауға.
-Қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеуге.
- Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға.
- Өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлауға.
- Кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыру.
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді асыруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 19.12.2023
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
87172749530