ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті Құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасының бас маманы (1 бірлік, "В" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Алматы қаласы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Қаржы
Функционалды міндеттер
нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындауға;
- Статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша статистикалық байқауларды өткізу;
- «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 17), 18) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп» (мезгілдігі айлық, жылдық) 1-КС, «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп» (мезгілдігі тоқсандық) 1-КС (шағын), «Объектілерді пайдалануға беру туралы есеп» (мезгілдігі айлық және жылдық) 2-КС, «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» (мезгілдігі айлық және жылдық) 1-ИC, «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» (мезгілдігі айлық) 1-инвест, «Инвестициялық қызмет туралы есеп» (мезгілдігі жылдық) 1-инвест, Шаруа немесе фермер қожалықтарының негізгі капиталына салынған инвестициялар туралы» (мезгілдігі тоқсандық) 1-КФХ инвест нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерге бақылау және өзгерестер енгізуді жүзеге асыру;
-Статистикалық тіркелімдер деректерін бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің негізінде жаңғыртуды өткізу;
-Статистикалық ақпаратты (жинақтардың, бюллетендердің, жедел ақпараттардың, баяндамалардың) статистикалық материалдардың шығару кестесіне сәйкес дайындау;
-Негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізу;
- SpRecord мамандандырылған жүйесі арқылы респонденттерге автохабарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар тізімін уақытылы ұсыну;
-Респонденттермен Басқарма сұрақтары бойынша және оn-line тәртібінің жұмысы бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізу;
- Анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау бойынша респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды, респонденттерге бармай профилактикалық бақылау түрінде жүргізу;
-Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінің бұзылғаны айқындалғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау туралы ұсыныстарды енгізу;
-Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалағаны айқындалғанда респонденттерден бастапқы статистикалық деректер бар статистикалық нысандарға түзетулерді енгізуді талап ету;
-Ресми көздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг жүргізуде, Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға қатысу;
-Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау;
-Іс жүргізуді және мұрағатты жүргізуді, Құжаттаудың тұрпатты ережелеріне сәйкес жүзеге асыруді бақылау;
-Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындауға қатысу;
-Еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және қауіпсіздік техникасын сақтау;
- Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау;
- Құжаттардың үлгілік нысандарына сәйкес іс қағаздарды жүргізу;
-Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау;
-Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындау;
-Департамент басшыларының тапсырмасы бойынша, өз құзыреті шегінде, Департамент мүдделерінің басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде өкілі болу;
- Еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға және оны Басқарма қызметкерлерінен сақтауды талап ету;
-Еңбек міндеттерін осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес атқаруға;
-Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауға;
- Сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалану;
-Жазылым бере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, сақтауға;
- Қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеуге;
-Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
-Өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлауға;
- Кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыру;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді асыруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 19.12.2023
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
87172749530