Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті Персоналды басқару қызметінің жетекші маманы (C-O-6 санаты, №СУП-3, 1 бірлік, "С" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Ақтөбе облысы
153751
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Департаментте құжаттама жасаудың бірегей тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуына бақылау жасау, құжат айналымының жүйесінде (БҚА) құжаттардың сақталуын, жеткізілуін және таратылуын қамтамасыз ету. Кіріс және шығыс корреспонденциясын тіркеу, азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін қараудың белгіленген тәртібін сақтауды бақылау, құжат айналымының жүйесінде (БҚА) тіркеуші функциясын орындау, жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау журналын жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы есепті дайындау. Ісқағаздар жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және басқарманың мұрағаттық құжатнамасына байланысты жұмыстарды іске асыру. Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
БЛОК C
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.ryskulova@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
87172749530