Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы (C-O-6 санаты, 1 бірлік, "С" функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Атырау облысы

Санат

С-О-6 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

153751

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмыс жоспарын орындау. Статистика департаментінің заңгерлік жұмыстарын ұйымдастыру. Статистика саласына байланысты нормативтік құқықтық актілерді (енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қоса) қызметкерлерге уақытылы таныстыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын түсіндіру және насихаттау, Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын сәйкес Департамент қызметкерлерінің құқықтық оқытуын ұйымдастыру, құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында семинарлар өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары бойынша жұмыстар жүргізу. Қызметкерлерге құқықтық мәселе бойынша заңгерлік кеңес беру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға әзірлеу, оның орындалуын қадағалау және уәкілетті органдарға есеп беру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және төленген әкімшілік айыппұлдар туралы ай сайынғы ақпаратты бөлім басшысына ұсыну. Мемлекеттік кірістер органдарының ай сайынғы деректері негізінде төленбеген айыппұлдарды өндіріп алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық органымен әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша жүргізілетін жұмыстардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Бөлім жұмысын «бір терезе» қызметінің регламентіне сәйкес жүргізу. Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес, респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді On-Iine бағдарламасында жинауды қамтамасыз ету және Департамент бөлімдеріне уақытылы табыс ету. Консультациялық көмек көрсету және респонденттердің он-лайн режимінде алғашқы статистикалық деректерді ұсынуын жақсарту мақсатында шаралар қабылдау. Есеп нысандағы толтырылатын негізгі көрсеткіштер мен байланыс мәліметтерінің толықтығын бақылау. Е-статистика  арқылы жұмыс жасалуын қамтамасыз ету және  CRM бағдарламасына деректерді енгізу. Статистикалық нысандардың мекен-жай бөлігі өзгертілген және (немесе) толықтырылған жағдайда статистикалық бизнес тіркелімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар және «алғашқы статистикалық деректерді жинауды есепке алу ақпараттық жүйесі» бағдарламалық кешеніне енгізу. Статистикалық есеп беру нысандарын қайта қарау бойынша респонденттердің қатысуымен фокус-топтарға қатысу. Респонденттермен және аудандық статистика бөлімдерімен семинар-кеңестерге қатысу. Бөлімнің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың сауалдарына, өтініштеріне жауаптар дайындау.  Алғашқы статистикалық деректердің және әкімшілік деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Бөлімнің мұрағатқа жіберілетін құжаттарын дайындау. Бөлім  басшысының қызмет бабында қатысты өзге де тапсырмаларын орындау. Бөлім бас маманы болмаған жағдайда, оның міндеттерін атқару.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.11.2023 – 14.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МВ

Сұхбаттасу күні

21.11.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

87172749530