Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті Құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасының жетекші маманы (C-O-6 санаты, 1 бірлік, "В" функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

С-О-6 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

180517

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Құрылыс
  • Қаржы

Қосымша талаптар

сонымен қатар орта білімнен кейінгі білімдер заң кеңесшісі, Бухгалтер, Экономист, архитектура, бухгалтерлік іс және салық салу, қаржы, банк және сақтандыру ісі мамандықтары бойынша

 

Функционалды міндеттер

Әдістемелік және нұсқаулық материалдарды қолдану негізінде жиынтық статистикалық ақпараттың уақтылығын, толық қамтылуы мен дұрыстығын қамтамасыз ету; талдамалы жұмысты жүргізу; статистикалық жұмыстар жоспарын орындау: құрылыс және инвестициялар және қоршаған орта статистика бойынша статистикалық мәліметтерді уақытымен жинау және сапалы жүргізу, Бюроға уақытымен есеп беру және тапсырыстарын орындау; респонденттермен, басқарма мамандарына тәжрибелік және әдіснамалық аудандық және қалалық статистика басқармаларымен статистикалық есеп және тіркеу жөнінде нұсқаулық семинар-кеңестерді өткізу; 1-инвест (айлық, жылдық), 1-КФХ инвест (тоқсандық)  статистикалық есептерін жинау, жүргізу және бөлшектеп өңдеу; алғашқы статистикалық мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету; құрылыс және инвестициялар статистикасы көрсеткіштері бойынша серпімді қатарларды жүргізу; классификациялық және экономикалық сипаттары бойынша тіркелімдерді жаңғыртуды жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.11.2023 – 14.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МВ

Сұхбаттасу күні

21.11.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

87172749530